Қоғам • 08 Қазан, 2020

Елорда полициясы ПИК төрағаларымен кездесті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Участок" жедел-профилактикалық шарасы барысында елордалық полиция Әуезов көшесі бойынша "Кеңес" ПИК төрағасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда полициясы ПИК төрағаларымен кездесті

Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, полиция мен ПИК арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ елордада абаттандыру ережелерін сақтаудың ең өзекті мәселелері талқыланды.

"Полиция мен ПИК арасындағы өзара іс-қимыл қоғамдық қауіпсіздік, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар жасайды. Бұл жұмыс форматы бізге халықпен кері байланыс орнатуға, бұзушылықтар туралы хабарламаларға уақытында жауап беруге және алдын-алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Ержан Саденов.

Сонымен қатар ол жүргізілген профилактикалық шаралар арқасында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыс азайып жатқанын айтты. Учаскелік инспекторлар қызмет көрсету орындарында тұратын көптеген азаматтарды білетіні, тәулік бойы жұмыс істеп және тұрғындар шағымдарына дереу жауап беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ кездесу барысында учаскелік полиция инспекторлары пәтерлерді аралады.