Медицина • 08 Қазан, 2020

Ақтөбеде 72 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде екпе үшін жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде 72 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

"Вакцина алған адам ауырмайды деп айта алмаймыз. Бірақ дертті жеңіл өткеруі мүмкін. Өлім көрсеткішін де осы арқылы төмендете аламыз. Коронавируста, тұмауда адамның тыныс алу жолы зақымданады. Қазір біз үшін сақтық шарасы маңызды. Қарапайым ережені ұстануымыз қажет. Салауатты өмір салтына ден қойып, дәрумені көп тағамды тұтыныңыз. Көпшілік жерде бетперде киіңіз. Қолды жиі жуу да маңызды", деді облыстық бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, биыл 37 мыңға жуық балаға тұмауға қарсы вакцина береді. Қазіргі уақытта 25 мыңнан астам бала егілді. Бұл 60 пайыз көрсеткішті құрап отыр.

"Екпе үшін жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге қаржы бөлінді. Сонымен бірге әр медициналық мекеме өз қаржысына вакцина алып, тұрғындарға ақылы қызмет көрсетіп жатыр. Ақысыз түрде 6 айлық балалар, жүкті әйелдер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары мен медицина қызметкерлеріне беріледі", дейді Бекболат Ізбасаров.

Ақтөбеде 72 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды. Қазіргі 90 мыңға жуық дозаның 80 пайызы берілді.

Еске сала кетейік, 15 қазанға дейін тұрғындардың 10 пайызы екпе алып болуы тиіс.