Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Бүгінде облыста жол-көлік оқиғаларының 6,3 пайызға азайғаны байқалады. Жыл басынан бері 460 оқиға тіркеліп, 39 адам қаза тауып, 708 адам жарақат алды. Өткен жылы 490 жол-көлік оқиғасы орын алған", деді баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып, көшелер мен жолдарда заманауи техникалық құралдарды орнату бойынша ұсыныстар енгізді.
Олардың арасында: лазерлік жаяу жүргіншілер өткелдері және жаяу жүргіншілер өткелдерінде қосымша жарық көздерін орнату, көлік құралдарының жаяу жүргіншілер өткелдеріне және апаттық қауіпті учаскелерге кіреберістеріндегі шулы жолақтар, сфералық айналар, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату бар.