Спорт • 08 Қазан, 2020

Мария Агапова жарақат алып қалды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC промоушеніндегі бірінші қазақстандық қыз Мария Агапова жарақат алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мария Агапова жарақат алып қалды

Мария Агапова аяғын жарақаттап алғандықтан жарты жыл жекпе-жекке шыға алмайтын болды.

Айта кетейік, тамызда қазақстандық спортшы екінші раундта америкалық Шана Добсоннан техникалық нокаутпен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Агапованы зембілмен көтеріп шығарып, ауруханаға алып кеткен еді.