Медицина • 08 Қазан, 2020

Қазақстанда бетперделердің бағасы төмендеді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда медициналық және қорғаныс бетперделерінің шекті бағасы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда бетперделердің бағасы төмендеді

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша қорғаныс бетперделеріне 40 теңге, ал бір реттік медициналық бетперделерге 60 теңге көлемінде бөлшек сауда бағасын белгіледі", делінген хабарламада.

Айтылған шаралар бүгін коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында әзірленді.