Желі қолданушылары қоқыспен келген тракторды видеоға түсірген, трактор жүргізушісі видеоға түсіріп жатқанын байқап, ілгері жүріп, алысырақ барып тұрмыстық қалдықтарды төккен. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған аталған постты СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлімі бақылауға алып, «Солнечный» кентінде тұратын трактор жүргізушісі анықтады. Тұрмыстық қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды жинап қоймаудан, уақтылы шығармаудан көрінген абаттандыру ережелерін бұзғаны, сондай-ақ қоршаған ортаны ластағаны үшін ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша 1989 жылы туған Солнечный кентінің тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған өндіріс тәртібінде 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынды.
Жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 3569 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны және қоқыс тастағаны үшін 826 әкімшілік материал толтырылды.