«Бүгінгі таңда адамдар қоғам өміріне белсенді атсалысқысы келеді. Өзгерістерге, жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде Nur Otan партиясы ел сұранысын дер кезінде қанағаттандырып отыр. Жария түрдегі партияішілік іріктеу еліміз үшін соны саяси жаңалық ретінде жұрт қызығушылығын тудырғаны сөзсіз. Облысымыздан праймеризге 800 адам қатысты. Ауқымды үгіт-насихат жұмысы, жүздеген кездесулер өткізіліп, 150-ден астам жария пікірталас ұйымдастырылды.
Праймериз аймақтың қоғамдық-саяси өміріне қажет партия мүшелерін таңдауға көмектесті. Праймеризге қатысушылардың барлығы, рейтингіне қарамастан, партияның консультативтік кеңес органдарына енгізіледі. Праймеризге белсенді қатысқан үміткерлерге алғыс білдіргім келеді», деді Архимед Мұхамбетов.
Қатысушылар тарапынан да жылы лебіз білдірушілер табылып жатты.
«Мен Nur Otan партиясына осындай мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз үшін бұл зор тәжірибе болды. Өткізген әрбір кездесуіміз бен кездестірген әрбір адам бізді жаңа дүниелерге үйретті. Праймериз бізге жаңа дос, сырлас тауып берді. Барлығыңызға алғысым шексіз», деді Наталья Лапшина.
Праймериз өткізу жөніндегі орталық ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысы бойынша төрт күнге созылған дауыс беруге 38 609 адам қатысты. Бұл – ақпараттық жүйеде тіркелген партия мүшелерінің 85,5 %-ы. Сайлаушылардың басым бөлігі, яғни 29 215 адам онлайн дауыс берді. 9394 партиялық дәстүрлі әдісті пайдаланып, сайлау учаскелеріне келді.
«Осы көрсеткіштердің өзі-ақ елімізде ғана емес, бүкіл Орта Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылған жаңа саяси құрал – праймеризге жұрттың ерекше қызығушылық танытқанын және оның өз деңгейінде өткенін айқын көрсетті. Сайлау қорытындылары бойынша бүкіл мәлімет «Праймериз» ақпараттық жүйесіне толық салынып, https://nurotan.kz және https://primaries.kz сайттарында баршаға қолжетімді. Қалаған адам кіріп, көре алады. Жалпы, праймериз нәтижесінде Елбасы бастамасымен былтыр қолға алынған партияны «қайта жандандыру» бағдарламасы түйінделді. Осылайша, «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты бойынша түбегейлі жаңғырып, қатары жаңа тұлғалармен толықты», дейді Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.
Қостанай облысы