Аймақтық ведомстваның хабарлауынша, олардың көпшілігі сотталушылардан Лорнет - 36 арнайы іздеу құрылғыны қолданудың нәтижесінде тәркіленіп отыр.
Бұл құрылғы қосылулы және өшірулі тұрған электрондық құрылғыларды іздеуге және анықтауға арналған. Аппараттың жұмысы жартылай өткізгіш элементтердің зондты микротолқынды сигналмен сәулеленген кезде екінші және үшінші гармониканы қайта шығару қасиетіне негізделген. Құрылғы кедергі келтірмейтін жиілікті қабылдаудың ең жақсы арнасын автоматты түрде табады, бұл тіпті қиын электромагниттік ортада құрылғымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
"Мекеме аумағына тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермейтін қолданыстағы шараларға қарамастан, мысалы ұялы байланысты өшіргіш, маңайдағы аумақты патрульдеу, бейнебақылау, келушілерді рентген және металл детекторы арқылы тексеру, тыйым салынған заттар түзеу мекемесіне кіріп кетуде. Бұл ретте мекеме ішінде де іздеу жұмыстарын жүргізу тәртібі бекітілген. Яғни, сотталушылар жасырған ұялы телефондар, кесуге және тесуге арналған заттарды іздеуді айтарлықтай жеңілдететін арнайы құралдар қолданылады", дейді Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары заң ғылымдарының магистрі, Әділет подполковнигі Қанат Жарылғапов.
Маңғыстау облысы