13 Қараша, 2013

«Филармония» оркестрі – Астана сахнасында

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада British Council және Қазақстандағы «Шелл» компаниясының ұйымдастыруымен «Филармония» оркестрінің концерті өтті.

Астанада British Council және Қазақстандағы «Шелл» компаниясының ұйымдастыруымен «Филармония» оркестрінің концерті өтті.

Бұл кеш Қазақстан мен Ұлы­­британия арасындағы мәдени байланыстарды нығайту бойынша іс-шаралар топтамасындағы алғашқы шаралардың бірі болып табылады.

Концерт басында сөз алған Қазақстандағы British Council директоры Саймон Уильямс: «Біз өнер саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени байланыс­­тарды нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстандағы мәдени сала­ның әлеуетін арттыруға көмек­­­тесе­тініне бек сенеміз», деп барлық серік­тестеріне алғысын білдір­ді.

Аты аңызға айналған оркестр бағдарлама бойынша екі музы­калық туындыны тарту етті. Алғашқы бөлімде Игорь Стра­винскийдің «Сарбаздың оқи­ғасы» аспаптық сюитасын орындаса, шығарманы қазақ­стандық актер Филип Волошин еш мүдір­местен асқан шеберлікпен оқып берді. Ал, екінші бөлімде атақты британдық әнші Кэтрин Харристің қатысуымен Уильям Уолтонның «Фасад» атты шығармасы орындалды. Кеш бүкіл әлем мойындаған дирижер Робин О'Нилдің жетек­шілігімен өтті.

«Филармония» оркестрі Ұлы­британияның ұлттық оркестрі болып саналады. Бұл оркестр туындыны орындау сапасымен, музыка саласындағы ең соңғы технологияларды пайдала­нуымен ерекшеленеді. Жаһан­ға есімдері әйгілі музыкант­та­рымен, оның ішінде оркестр­дің шығармашылық жетекшісі болып табылатын дирижер Эса-Пекка Салоненмен ынты­мақ­тас­­тық жасауының арқасында «Фи­лармония» оркестрі Брита­ния саз әлемінің ордасына айналып отыр. Қазақстан мен Ұлы­бри­та­нияның өнер саңлақтары қаты­сатын мәдени шаралар келесі жы­лы да жалғасын табатын болады.

Нұрзада КҮМІСБЕК,

Еуразия ұлттық университетінің студенті.

Соңғы жаңалықтар