Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Облыстық экология департаменттері басшылары тоқсан сайын халыққа есеп береді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық экология департаменттерінің жетекшілері әр тоқсан сайын жұртшылық алдында өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған Жол картасындағы шаралардың орындалуы туралы есеп беріп отыруы тиіс. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Жамбыл облысының қоғам белсенділерімен болған онлайн-кездесуде айтты.

Облыстық экология департаменттері басшылары тоқсан сайын халыққа есеп береді

Экология министрі осындай кездесулерді өңірлердің тұрғындарымен тұрақты түрде өткізіп келеді. Талқылау нәтижесінде әр облыс немесе қаладағы экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі Жол картасы дайындалады.

“Облыс әкімдері өңірлер жұртшылығымен бірге әзірленетін Жол карталарына қол қойғаннан кейін біздің облыстық департамент басшылары тоқсан сайын жұртшылық алдында есеп беріп, сондағы шаралардың орындалуы жөнінде тұрақты түрде баяндап отыратындай жұмыс форматына көшкіміз келеді”,- деді М. Мырзағалиев.

Жол картасына енгізілген шаралардың ішінде өңірлердегі жасыл желекті көбейту, қалдық шығарындыларын азайту, қоғамдық көліктерді газға ауыстыру, атмосфералық ауаның сапасы туралы тұрғындарды LED-экрандар арқылы ақпараттандырып отыру және тағы басқа жоспарлар бар.

Бүгінге дейін Экология министрлігі 14 онлайн-кездесу өткізіп, әрқайсысы бойынша Жол картасы әзірленді.