Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Тыныштықты бұзғандар туралы 1800-ден астам хабарлама түсті

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл полициясының "102" пультіне тыныштықты бұзғандар туралы күн сайын туралы хабарламалар түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тыныштықты бұзғандар туралы 1800-ден астам хабарлама түсті

Көбіне, қалалықтар тыныштығын бұзған шулы көршілеріне шағымданып жатады. "Түнгі отырысты тәуір көріп, көршілерінің мазасын алған қылықтар жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады. Оған ӘҚтК 437-бабымен 13 мың теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза көзделген. Егер осындай құқық бұзушылық қайталанып жасалса, айыппұлда екі есе болады. Кәсіпкерлер мен өзге ұйым өкілдеріне айыппұл санкциясы 55 мың теңге", дейді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Жыл басынан бері 1862 солтүстікқазақстандық тыныштықты бұзған көршілеріне шара қолдануүшін полицияға жүгінген. Олардың басым бөлігі облыс орталығында, тыныштықты бұзған 155 адам қайта жауапқа тартылған. Соның ішінде тәуліктеп жалға берілетін пәтерлердегі тыныштықты бұзу фактілері жайлы жиі хабар түседі. Көпқабатты үйлерде түрлі құқық бұзушылықпен тиімді күресуде жаңа технологиялардың, әсіресе үйлердегі подъездер бойынша WhatsApp желісінде құрған чаттардың көмегін атап кеткен жөн. Барлық көршілер қосылған топтардағы көпшіліктің наразылықтары тиімді нәтижесін береді. Осындай хат алмасуларда көршілер қоқыс тастау, рұқсат етілмеген жерге көлікті қою, тыныштықты бұзуфактілерін талқыға салады.