Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына Нобель сыйлығы аштыққа қарсы күрестегі күш-жігері мен қақтығыс аймақтарында бейбітшілікке қол жеткізуге қосқан үлесі үшін берілді.
Биыл "Бейбітшілік сыйлығына" 211 адам және 107 ұйым үміткер болған. Лауреаттарға 10 млн кроннан беріледі. Әдетте, "Бейбітшілік сыйлығының" лауреаттары алынған ақшаны қайырымдылыққа жұмсайды. Сыйлық Ослода 10 желтоқсанда табысталады.