Әлем • 11 Қазан, 2020

Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тәжікстан Республикасының Президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің ұлттық ақпарат агенттігі «Ховар»-ға сілтеме жасап.

Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум орталық комиссиясының (СРОК) мәліметі бойынша, «Тәжікстан Республикасы Президентін сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, елде сайлауды ұйымдастырып өткізу үшін 68 сайлау округі, ел ішінде 3375, шетелде 39 сайлау учаскесі құрылды. Саяси партиялар ұсынған құжаттарды мұқият зерттегеннен кейін Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум орталық комиссиясы елдің Аграрлық партиясынан, Социалистік партиясынан, Халықтық Демократиялық партиясынан, Экономикалық реформалар партиясынан және Коммунистік партиясынан кандидаттар тізімін тіркеді. Осылайша, сайлау бюллетеньдеріне Тәжікстан Республикасының Президенттігіне 5 кандидат тіркелді.

Ел аумағында орналасқан сайлау учаскелері 11 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жабылады СРОК-тың мәліметінше, дауыс беру үшін 4 943 289 сайлаушы тіркелген. Егер сайлау учаскелеріне сайлаушылардың 50%-дан астамы келсе, сайлау өтті деп есептеледі. Сайлау процесін түрлі халықаралық ұйымдардың 145-тен астам халықаралық бақылаушылары қадағалайды. Бұдан бөлек 267 жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары сайлау барысы туралы хабарлап отырады.

Тәжікстан Республикасы Президенті сайлауының алдын ала нәтижелері дауыс беру аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жарияланады. Соңғы нәтиже сайлау болғаннан кейін екі аптадан кешіктірілмей белгілі болады. Бұған дейін хабарланғандай, ТМД елдерінің Парламент аралық ассамблеясынан халықаралық бақылаушылар тобының жұмысына ҚР Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев қатысады.