Спорт • 11 Қазан, 2020

Жапонияда спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония астанасы Токиода спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді. Бұл коронавирус індеті басталғалы бері күншығыс елінде өтетін алғашқы турнир болмақ. 

Жапонияда спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді

Спорттық гимнастикадан халықаралық сында АҚШ, Жапония, Қытай және Ресейден жалпы есебі 32 атлет бақ сынайды.  Турнир 8 қарашада басталады деп жоспарлануда. 

Жарысқа қатысушылар екі апта бойы өз елдерінде оқшауланып, арнайы тест тапсырып, турнир басталуына бес күн қалғанда Жапонияға келеді.  Осылайша, спортшылар Жапонияға шетелден келушілерге арналған 14 күндік карантиннен босатылады.