Қоғам • 12 Қазан, 2020

Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген алты отандасымыздың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

"6-12 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен 14 578 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде COVID-19-ға ПТР туралы анықтамалары бар - 11 966 немесе 82 пайыз. Ал анықтамасыз келгендердің саны - 2 596. Сондай-ақ ПТР талдауын тапсыру үшін 2 596 азамат екі күндік карантинге оқшауланды.

С.Байғабыловтың айтуынша, түрлі әуе рейстермен және даталармен ұшып келген 2 596 азаматтың ішінде тек алты азаматта ғана коронавирус дерегі расталған.

Вирусты жұқтырғандардың арасында үш жолаушы Алматыдан 10 және 12 қазанда, біреуі Нұр-Сұлтаннан 9 қазанда және екеуі Шымкенттен 11 қазанда ұшып келген.

Ауру жұқтырған азаматтар Мәскеуден Нұр-сұлтанға, Түркиядан Шымкентке, Дубай мен Түркиядан Алматыға ұшқаны нақтыланды. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.