Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Атырауда карантин режімін бұзғандар анықталды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда карантин режімін бұзып, той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда карантин режімін бұзғандар анықталды

Атырау полицейлері мобильдік топ құрамында жұма – жексенбі күндері аралығында карантин режіміне сай талаптарды орындамаған ондаған той иелерін анықтады.

Атап айтқанда, қаланың Мечников көшесіндегі үйлердің бірінде 30-40 адаммен той өткізілген. Студенттер көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойда 80 адам, "Алмагул" ықшам ауданындағы мейрамханада тойланған туған күнде 50-60 адам, сондай-ақ Тайманов көшесіндегі мейрамханада 50-60 адам жиналған той анықталды.

"Жерұйық" ықшам ауданында орналасқан мейрамханалардың біріндегі караоке барда 15-20 адам анықталды. Сонымен қатар Лесхоз ықшам ауданындағы және Владимирский көшесінде орналасқан екі кальян – бар иелері де карантин режіміне қатысты тыйымдарға қарамай, жұмыс жасаған. Анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.