Тергеу барысында АҚ мен басқа кәсіпорын арасында электр кабельдерін сынауға арналған екі электротехникалық зертхананы жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттың жасалғаны анықталды.
Аудиторлық тексеріс нәтижесі бойынша аталған зертханалардың техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеуі бөлігінде бұзушылықтар табылды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 316 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде (аса ірі көлемде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру).