Облыстық әкімдікте өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен бизнесті қолдаудың антикризистік іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі арнайы кеңес өтті.
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медет Шоқанов ақпарат жеткізгендей, биыл ойын-сауық және сауда үйлері 85 күн, ал қызмет көрсету орталықтары 81 күн жұмыс істеген жоқ.
Қоғамдық тамақтану пунктілерінің жұмысы тоқтатылмағанмен, олардың жұмыс істеу уақыты мен қабылдайтын тұтынушылар саны шектелді. Оның үстіне ұзақ уақыт бойы олардың біразы онлайн жеткізу режиміне көшірілді.
"Жалпы алғанда карантин облыстағы 44 мың кәсіпкерлік субъектілерінің небары төрттен біріне ғана зардабын тигізген жоқ", дейді Медет Шоқанов. – Былтырғы деңгейдегі өсімді сақтау үшін облыс кәсіпорындары 2020 жылдың төртінші тоқсанында 359 млрд теңге сомаға өнім шығару керек.
Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы» бағдармаламасының ережелері өзгертіліп, жалпы сомасы 36 млрд теңгелік 535 жоба мақұлданды. Бұл былтырғы көрсеткіштен үш есе артық.
Оған қоса, шағын индустриалды аймақтарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жалғасуда. 2020 жылы өз ісін бастаған кәсіпкерлердің 75 жобасы жүзеге асыруға ғимарат беріліп, онда олар 109 жұмыс орындарын ашады.
Әбілқайыр Сқақов қала мен аудан әкімдеріне жұмысын түбегейлі өзгертіп, жыл соңына дейін бизнес өкілдерінің шығындарын барынша кеміту үшін қосымша іс-шараларды қолға алуды тапсырды. Облыс басшысы осы істе, бірінші кезекте, кәсіпкерлердің пікірін тыңдау қажеттілігіне баса көңіл аударды.