Салық кодексі салық төлеушінің құқықтары мен міндеттерін (13-бап), сондай-ақ нақты салық төлеушілердің салық міндеттемелерін өз бетінше орындау кезінде туындайтын салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бөлігінде мемлекеттік кірістер органдарының түсіндіру және түсініктемелер жөніндегі міндеттерін айқындайды (19-бап).
Осылайша, салық төлеушілердің өтініштері бойынша МКК
1) салық міндеттемесін орындау мәселелерін түсіндіреді және оларға түсініктемелер береді;
2) мынадай:
– қолданыстағы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер туралы,
– салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттарды ұсынады;
3) салық заңнамасын қолдану мәселелерін түсіндіреді.
Салық кодексінің 36-бабында салық төлеушінің салық міндеттемесінің туындау негіздерінің толық тізбесі белгіленген, бұл бойынша оған түсініктемелер беріледі, өзге мәселелер бойынша жалпы ақпарат ұсынылады.
- Мемлекеттік кірістер комитетіне кімдер жүгінеді?
Мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың заңнамалық негіздеріне назар аударамыз. Салық кодексінің нормалары салық төлеушінің ұғымын (1-бап) және салық төлеуші салық қатынастарына қалай қатысуға құқылы екенін нақты түрде айқындайды (16-бап).
Салық төлеуші түсініктеме алу үшін мемлекеттік кіріс органдарына өз бетінше жүгінуге не өз өкіліне (оның ішінде сенімхат арқылы) уәкілеттік беруге құқылы.
Өкілдікті (заңды немесе уәкілетті) тиісті ресімдеусіз салық төлеушілерден келіп түскен өтініштер қарауға жатпайды.
- Өтініштерді беру реттілігі қандай?
Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамалық нормалар мен Мемлекеттік кірістер органдарының құрылымын ескере отырып, МКК-не өтініш бергенге дейін салық төлеушілерге салық төлеуші тіркелген аумақтық бөлімшенің ұстанымын алу қажет.
- Өтініштер бойынша мәселелерді ретке келтіруден не күтуге болады?
МКК жоғарыда көрсетілген тәртіпте өтініштерді қарау салық төлеушілермен тікелей серіктес және сенімді қарым-қатынастарды орнатуға ықпал ететініне, өтініштерді қарау кезінде жеке көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне, бұл олардың салық міндеттемелерін тиісінше өз бетінше орындауына әкелетініне сенім білдіреді.
- Заң және консультациялық қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалардың өтініштері бойынша қандай ерекшеліктер бар?
Қызметінің негізгі түрлерінің бірі кеңес беру болып табылатын заң және консультациялық қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар арқылы салық төлеушілердің жүгінуі бөлігінде МКК осындай қатынастарды реттейтін заңнаманың белгіленген нормаларына назар аударады.
Мәселен, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 2) тармақшасына сәйкес заң консультанттарының қызметі – заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылатын заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі. Мұндай консультация ауызша және жазбаша консультациялар нысанында, оның ішінде өтініштерді, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты (Заңның 1-бабы 8) тармақшасы) көрсетіледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, МКК заң және консультациялық қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаларға сұрау салу кезінде тұлғаларға салық заңнамасының сол немесе нормаларын қолдану жөнінде кәсіби пайым мен көзқарас күтіледі. Осыған байланысты, өз клиенттеріне (салық төлеушілерге) жүгінген кезде (тиісті сенімхат арқылы) кеңес беретін тұлғалар өз клиенттерінің (салық төлеушілердің) қандай да бір мәселе бойынша кәсіби пайымдау тұрғысынан өз ұстанымын білдіруі тиіс.
- Өтініштер қандай нысанда және қайда беріледі?
Салық төлеуші өз қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша өтініш бере алады.
Сұрақтарға ауызша жауаптарды 14-14 телефоны арқылы немесе https://t.me/kgd_mf_rk_bot (виртуалды көмекші).
Ресми өтінішті мемлекеттік органға тікелей немесе «Электронды үкімет» порталы (МКК, облыстық немесе қалалық Мемлекеттік кірістер департаменттері) арқылы жазбаша ресімдеуге болады.
Басшылар блогына (МКК Төрағасының блогы) сұрақ нысанында kgd.gov.kz) немесе «жиі қойылатын сұрақтар» айдарына орналастырылады.
Әлеуметтік желілерде МКК парақшалары жұмыс істейді: Instagram (press_kyzmet_kgd) , фейсбук (kgd.gov.kz).
- Салықтық тексеру барысында тексерілетін мәселе бойынша түсініктеме алуға бола ма?
Салықтық тексеру барысында салық төлеушінің есептік құжаттамасы зерделенеді және салық міндеттемесінің туындауының барлық негіздері қаралады, тиісінше, мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымы салықтық тексеру нәтижелерінде көрсетіледі және қосымша түсіндірмелер берілмейді. Салықтық тексерудің нәтижелеріне одан әрі Салық кодексінің 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен шағым жасалады.