Коронавирус • 13 Қазан, 2020

Маңғыстауда COVID-19 жұқтырған 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 11 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырып, карантиндік стационарда жатқан  науқастардың саны 57-ге жетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Маңғыстауда COVID-19 жұқтырған 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Аурханаға түскен науқастың 49-ы коронавирустық пневмониямен ауырып жатса, қалған 8-і COVID-19 жұқтырған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жансақтау бөлімінде 5 науқас жатыр. Оның ішінде 3 ауыр, 2 өте ауыр жағдайда. Жансақтау бөліміндегі науқастардың жағдайы тыныс алуының жетіспеушілігі мен ілеспе аурулардың болуынан. (СД, АГ, хронические состояние).

Облыс көлемінде 215 инфекциялық  І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43-ке дейін көбейтілді.  

Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған Ақтау қаласында 15, Жаңаөзен қаласында 100, Қарақия ауданында 10, Бейнеу ауданында 10 төсек орынды карантиндік стационарлар ашылды.

Облыстағы стационарда жатқан науқастардың жағдайы туралы мәлімет күн сайын беріліп отырады.