Аудандық орталық аурухана директоры Гүлшара Бегниязованың хабарлағандай, мердігер мекеме аурухана жанынан бой көтерген оттегі стансасының құрылысын 10 күнде аяқтаған.
Мұнда 5 бөлімше бар. Әр төсек орынға оттегі жеткізу қамтамасыз етілді. Соның ішінде терапия бөлімшесіне 14, хирургия бөлімшесіне 8, балалар бөлімшесіне 8, босандыру бөлімшесіне 8, жұқпалы аурулар бөлімшесіне 12 орын оттегімен жабдықтандырылды.
"Сонымен қатар Жетібай ауылдық ауруханасының жанынан да осындай оттегі газдандыру стансасының құрылысы басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бөлінген қаражат есебінен салынған бұл станса індетке шалдыққан, тыныс алуы қиындаған науқастарды емдеуге бағытталады", деді Гүлшара Бегниязова.