"Құрметті "Астана ақшамы" газетінің ұжымы!
Қаланың жылнамасын жазып келе жатқан "Астана ақшамы" ұжымын газеттің жарық көргеніне 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Тұрғындарға қаланың тыныс-тіршілігін баяндап қана қоймай, ел руханиятының маңызды мәселелерін көтеріп, мемлекетіміздің мәдени-рухани тұрғыда дамуына үлес қосып келе жатқан газеттің өркендей беруіне тілектеспін!
Еңбектеріңізге табыс тілей отырып, елордамыздың қоғамдық өмірін одан әрі ілгерілету жолындағы жұмыстарыңызға алғысымды айтамын", деді Алтай Көлгінов.