Әлем • 13 Қазан, 2020

Абай мен әл-Фарабидің мұрасын Эфиопияда таныстырды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының және Шығыстың кемеңгер философы әл-Фарабидің мерейтойларына арналған "Ұлы Даланың мәдени мұрасы" атты семинар ұйымдастырылды.

Абай мен әл-Фарабидің мұрасын Эфиопияда таныстырды

Іс-шараға болу елінің Сыртқы істер министрлігінің, Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу институты, БАҚ өкілдері және Аддис-Абеба университетінің студенттері қатысты.

Семинар барысында Елші Барлыбай Садықов Абай мен әл-Фарабидің бай шығармашылық мұралары, олардың Қазақстанның және әлемнің қазіргі заманғы мәдениетіне ықпалы туралы баяндап, қатысушылардың көптеген сұрақтарына, соның ішінде Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері, тарихы, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сыртқы саясатына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Аталмыш іс-шара Абай мен Әл-Фараби туралы көрнекі стендтермен, олардың шығармашылығы туралы кітаптармен, сондай-ақ қазақ мәдениетінің тұрмыстық заттарымен арнайы безендендірілген мәжіліс залында өтті. Елшілік қызметкерлерінің қазақ тілінде орындаған Абай шығармалары қатысушылардың шынайы қызығушылығы мен жоғары ықыласына ие болды.

Сонымен қатар, семинар аясында Қазақстан туралы фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылып, Ұлы даланың көрнекті өкілдері Абай мен Әл-Фарабидің мұралары туралы баспа материалдар таратылды.