Елорда • 13 Қазан, 2020

"Абу-Даби Плаза" құрылысы 2021 жылы аяқталады

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас шаһардағы "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Абу-Даби Плаза" құрылысы 2021 жылы аяқталады

БАӘ-ге жұмыс сапары барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов пен әділет министрі Марат Бекетаев үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор Фахад Әл Махмудпен, жобаларды басқару жөніндегі бас директор Ибрагим Әл Магрибимен, жоба директоры және "Aldar Properties" компаниясының бақылау жөніндегі директормен кездесті.

Құрылыс компаниясы Arabtec Holding жобасының бас мердігерінің күрделі қаржылық жағдайы "Абу-Даби Плаза" құрылысының аяқталуына әсер етпейтінін атап өтті. Кездесуде араб компаниясы өкілдері сендіргендей, Covid-19 карантин шараларына байланысты нысанды 2021 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақ үй кешені сияқты көпфункционалды кешеннің бірқатар нысаны 2019 жылдың желтоқсанында және 2020 жылдың наурызында ашылды.

Сонымен қатар сапар барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов шетелдік инвесторлармен кездесті. Тараптар жеке инвестициялар есебінен Нұр-Сұлтанда білім, медицина, туризм және т.б. саладағы бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруға келісті. Бұл қала экономикасына жеке инвестиция тартып, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.