Медицина • 14 Қазан, 2020

Денсаулық сақтау бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 93 елдің ішінде 53-орынға ие болды

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең ірі Numbeo мәліметтер базасында Денсаулық сақтау деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 93 елдің ішінде 53-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 93 елдің ішінде 53-орынға ие болды

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Денсаулық сақтау жүйесінің сапа индексі бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Айта кетейік, Қазақстан Беларусь (59-орын), Ресей (63-орын), Украина (78-орын) және Әзербайжаннан (91-орын) алда тұр.
Лп

Рейтинг денсаулық сақтау жүйесінің сапасын, жабдықтардың қолжетімділігін, медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының кәсіби деңгейін, емханалардағы қызметтердің бағасын саралайды.

Осы рейтингте әлем елдерінің үздік бестігіне Тайвань, Оңтүстік Корея, Франция, Жапония және Дания кіреді.