Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Атырауда Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы бас бостандығынан айырылды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы ақша бопсалады деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Атырау қаласындағы № 2 сотының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Атырауда Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы бас бостандығынан айырылды

Сот үкімді 13 қазанда шығарған. Сот сотталушының лауазымды тұлға бола отырып, тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдамағаны үшін қоластындағылардан бопсалау арқылы 3 мың доллар пара алғанын анықтады. Қабылданған антты бұзу ауырлататын жағдай деп танылды.

"Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруды тағайындауды әділ шешім деп тапты", делінген хабарламада. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57