Кеңеске облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығы Штабының өкілдері, сондай-ақ облыстық дін саласына уәкілетті басқармалардың басшылары қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері - мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, діни бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ радикалды идеологияның қоғамда таралуына жол бермеу екенін атап өтті.
Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдарға олардың дін саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.