«Астық 2020» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында СҚО-да 35 қылмыс тіркелген. Оның ішінде – 21 факті астық ұрлау, 7 факті жанар-жағармай ұрлау, 4 факті ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау, 3 факті гербицид ұрлау. 35 қылмыстың 32-сі «ізі суымай» ашылған. Көбіне ұрлықты астық науқанына жұмылдырылған кәсіпорындар мен шарушылықтардың жұмысшылардың өздері жасаған.
Астық жинау науқаны аяқталды. Учаскелік полиция инспекторлары шаруашылықтар мен кәсіпорындарға барып, басшыларына қоймалардың тиісті деңгейде күзетілуін ұйымдастыру қажеттігі туралы ескертуде, сондай-ақ бейне бақылау камераларын барынша пайдалануға кеңес береді.