Жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында қала аумағында 10 мекемеден тұратын жасырын онлайн-казино жүйесінің жұмыс істейтіні анықталды.
Сонымен, 2020 жылғы 6 қазанда көрсетілген заңсыз әрекеттердің жолын кесу нәтижесінде жедел-тергеу тобы бір ғана жасырын мекемеден 50 бірліктен астам ойын жабдығын тапты, қылмыстық әрекеттен алынған кірістің сомасы тәулігіне 20 млн теңгеден асқан. Құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу үшін қылмыстық топ заңсыз әрекетке шамамен 50 адамды қызмет көрсету персоналы ретінде тартқан.
Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР ҚК 307-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.