Кәсіпқой бокс • 15 Қазан, 2020

Азулы қарсыласпен жұдырықтасады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуесқой бокста біраз белесті бағын­дырып, бокс мамандарын өзінің мық­тылығымен мойындатқан отан­дасымыз Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой боксқа ауысқаны баршаға белгілі.

Азулы қарсыласпен жұдырықтасады

Боксшымыздың ісін жүргізетін MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының хабарлауынша, Құлахмет кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін 11 қарашада өткізеді. Ұлы­британияда ұйымдастырылатын бокс кешінде шаршы алаңға шығатын жерле­сіміздің бұл жолғы жекпе-жегінің жүгі ауыр болмақ. Өйткені орта салмақта өнер көрсететін өреніміз кәсіпқой бокста 14 кез­десу өткізіп, бірде-бірінде жеңілмеген жергілікті боксшы Маклей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) WBC International вакантты титулы үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, Тұрсынбай Құлахмет кәсіп­қой бокстағы дебюттік жекпе-жегін 23 та­мызда Алматыда өткізіп, Сағадат Рахман­құловты (6-2, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.