Экономика • 15 Қазан, 2020

Сиыр да сақтандырылады

585 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Енді жануарлар аурулардан, табиғи апаттардан, жазатайым оқиғалардан, ұрлықтардан сақтандырылуы мүмкін. Тіпті бағып отырған малыңыз өте қауіпті аурулар пайда болған жағдайда мемлекетке қайтарып алынады.

Сиыр да сақтандырылады

 

«Ақпараттық-есептеу орта­лы­ғы» АҚ баспасөз қызме­тінің мәліметінше, сақтандыру екі өніммен ұсынылған. Біріншісі, сақ­тандыру шаруашылық аума­ғында жүргізілсе, екінші сақ­тан­дыру кеңейтілген, яғни шаруа­шылықтан 5 шақырым ра­диусты құрайтын көлемде жүр­гізіледі. Асыл тұқымды және қара­пайым сиырларды сақ­тандыру мүм­кін­ді­гі бар. Ең тө­менгі саны 30 ірі қара болуы шарт.

Түсінікті болу үшін екі мысалды қарас­тырайық. Мысалы, фермерде 30 бас асыл тұқымды, жеткілікті ірі қара бар, бір бастың орташа құнын фермер 500 мың теңгеге бағалайды делік. 30 бас – сақтандыруға жататын минималды табын. Осындай мал санына тариф ең жоғары – 2,31%. Бұл мысалда сақтандыру сомасы 15 млн теңгені (30х500 000) құрайды. Төлем үшін сый­лық­ақы – 346 500 теңге.

Осы жерде арнайы түсіндірме қажет. Сақтандыру кезінде Ауыл шаруа­шы­лы­ғын қаржылай қолдау қоры арқылы төленетін 50%-дық мемлекеттік субсидия бар. Іс жүзінде, сақтандыру шартын жасағанда, мал өсірушіге бұл соманың тек жартысын, яғни 173 250 теңгені төлеуі қа­жет. Осылайша егер бүкіл та­­бын тасқын суға батып кетсе немесе зиян­кестер басып алса, сақтандыру төлемі 14 млн 500 мың теңгені құрайды. Қа­л­ған бөлігі (500 мың теңге) – кез келген жағ­дай­да сақтандыру компаниясында қа­ла­тын сөзсіз аударылым.

Егер бүкіл табын емес, тек 5 бас қа­на зардап шексе, бұл үшін төлем 2 млн теңгені құрайды (4 бас үшін). Қара­­пайым тілмен айтқанда, бір сиыр әрқа­шан сақтандыру компаниясының пайдасына шығады.

Нәтижесінде, жылына бір бас үшін 5 775 теңге (173 250 / 30 бас) төлеген фермер болашақта өзін көптеген қиыншылықтардан құтқара алады.

Ең төменгі тариф көрсеткіші – 1,54%, бұл тек 100 және одан көп бас малды сақтандырудан басталады. Түсінікті болу үшін тағы да мысал келтірелік. Сақтандыру шарты бойынша бар-жоғы 385 мың теңгені төлей отырып (дәл сол мөлшерде мемлекеттен субсидия алынады), сіз қандай да бір себеппен мал өлімінің салдарынан қорғана аласыз. Сонымен бірге 1 басты сақтандыру құны небәрі 3 850 теңгені құрайды. Асыл тұқымды сиырлардың нақты құнын ескеретін болсақ, бұл онша көп емес.

– Атап өту керек, тараптар қол қойған сақтандыру шарты, қол қойыл­ған­нан кейін бір айдан кейін ғана «жұмыс істей» бастайды. Бұл жалған схемалардың алдын алу үшін жасалады. Жалпы алғанда, механизмнің өзі өте қарапайым және ыңғайлы. Өйт­ке­ні келісім жасаудың барлық про­цесі онлайн режімде, Qoldau сайтында өтеді. Фермер, бү­гінде қызмет көрсететін 5 сақ­тандыру компанияларының іші­нен таңдау жасай алады. Біздің компания сақтандырумен айналыспайды, біз ақпараттық қызметті ұсынамыз. Сақтандыру компанияларының тізімі бойынша фермер өзі сенімді компанияға тәуелсіз таңдау жасайды. Малды сақтандыру фермерлердің несие алуы үшін өте маңызды. Өйт­кені банктер мен қаржы ұйым­­­дары сақтандырылған мал­ды кепілдікке алады. Бұл – үлкен жетістік. Фермерлер мұн­­­­­дай механизмді көптен күт­­­ті, – деп түсіндіреді «AGROINSURANCE» компа­ния­сы­­­ның маманы Машур Зарлық.

Сақтандыру жағдайы туын­­да­ған жағдайда фермер төлем­дер­ге онлайн режімінде, сон­дай-ақ «AGROINSURANCE» қыз­метін пайдалана отырып, Qoldau порталы арқылы жү­­гіне алады. Сақтандыру компаниясы келісім­шартқа сәйкес деректерді тексеру үшін шаруа қожалығына баруға құқылы.