Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Жеңілдіктер қарастырылған жаңа дүкен

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауылда есігін айқара ашқан INMART, яғни өзіне өзі қыз­мет көрсету супермаркеті сатып алушы­лар­дың күнделікті сұра­нысын барынша тиімді бағамен сау­да­лай­ды. Қазір өңірде өзіне өзі қызмет көрсету форматындағы осын­­дай сауда орталықтарының саны 20-дан асты.

Жеңілдіктер қарастырылған жаңа дүкен

Әрине, сауда орталығының ашыл­уы Баянауылдың тау баурайындағы ауыл тұрғындары үшін де тиімді. Олар базарлық алуға енді әсем ғимаратқа келеді. Жарқыраған орталықты аралап өрушілер қатары да көбейеді. Сауда орталығы ашылған күні ең бірінші аудан әкімі Қанат Кәрімов сауда жасады. Аудан орталығындағы сәнді дүкенге келушілер онда қаладағыдай қызмет көрсетілетініне қуанып жүр.

– Біздің сауда орталығында азық-түлік өнімдері, көкөніс, тұрмыстық заттар және басқа да барлық бұйымдар саудаланады. Дәріхана да орналасқан. Сауда орталығы 14 сағат жұмыс істейді. Аудан орталығында жаңадан 15 жұмыс орны ашылды. Зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға 15 пайыздық жеңілдік қарастырылған, – дейді сауда үйінің директоры Бауыржан Сапаров.

INMART супермаркеті аудан орталығына кіреберістегі жол бойында орналасқан. Баянауылдың табиғаты ғажайып курорттық аймақ екенін ескерсек, жарқыраған супермаркет қысы-жазы келетін туристерге де тиімді. Аудандық кәсіпкерлік және сауда бөлімінің мәліме­тін­ше, аудан орталығында алғашқы супер­мар­кеттің құрылысын жүргізіп, әсем сауда орнын халыққа пайдалануға берген ағайынды кәсіпкерлер Сағадат және Қайрат Тұрсынбаевтар. Қазір аудан бо­йынша 1 358 шағын бизнес нысаны болса, 240 шағын дүкен жұмыс істеп тұр. Азық-түлік тауарларын сатуға арналған 164 дүкен бар.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы