Елорда • 15 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 150 жолаушы стационарға жатқызылды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанға бүгін түнде ұшып келген ПТР анықтамасы жоқ 150 жолаушы стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 150 жолаушы стационарға жатқызылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына өткен тәулікте 789 адам ұшып келді.

"Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанға 7 ұшақ келіп қонды. Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines және Flydubai әуе компаниялары орындады. Экипажды қосқанда жалпы 789 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде 150 адамда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Осы себепті олар карантин стационарына жеткізілді. Егер аталған адамдарда коронавирус анықталмаса - үйіне қайтады, анықталса - инфекциялық стационарға жатқызылады", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтанға ұшып келген 118 жолаушы стационарға жатқызылды.