Аймақтар • 15 Қазан, 2020

"Атырау Жолдары" 20 млн теңге жалақыны кешіктіріп төлеген

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл деректі облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мамандары анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Атырау Жолдары" 20 млн теңге жалақыны кешіктіріп төлеген

Аталған басқармаға Исатай аудандық прокуратурасы "Атырау Жолдары" ЖШС-не қатысты заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс түсіріпті.

"Атырау Жолдары" ЖШС-нің еңбек заңнамасының талаптарын сақтамай, 241 қызметкерге биылғы шілде және тамыз айлары үшін есептелген 20 485 000 теңге көлемінде еңбекақының төленбегені анықталды. Осыған байланысты облыстық  мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 87-бабына сәйкес "Атырау Жолдары" ЖШС әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды", деп хабарлады басқармадан.

Осыдан кейін "Атырау Жолдары" ЖШС 241 қызметкердің шілде, тамыз айларындағы 40 485 мың теңге жалақысын толығымен төледі.