Экология • 15 Қазан, 2020

Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізі жағалауының батпақты жеріндегі қамыс өрті 10 қазанда тұтанған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

Өрт сөндірушілер желдің күшеюіне, сондай-ақ, өсімдіктердің қалың өсуіне байланысты жалынмен 5 күн арпалысты.

"Бүгін, 15 қазанда сағат 17:58-де Атырау облысында теңіз жағалауындағы  қамыс өрті сөндірілді. Өрт шалған жердің аумағы анықталуда. Қамыс өртін сөндіруге облыстық ТЖД-ның 49 қызметкері, 7 техникасы мен "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіру үшін тікұшақпен 87 тонна су 29 рет  шашылды", деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.