14 Қараша, 2013

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-11-13-takir balykbaev

Білім және ғылым вице-министрі болып Балықбаев Тақир Оспанұлы тағайындалды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» ақпарат агенттігі хабарлады.

«Үкіметтің қаулысымен Тақыр Балықбаев 13 қараша, сәрсенбі күні Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды», - делінген Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тақир Балықбаев 2003-2007 жылдары Ұлттық мемлекеттік білім стандарты және тестілеу орталығының директоры болған. 2007 жылдың ақпан айынан ол Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласын бақылау және аттестаттау комитетінің төрағасы болып қызмет етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар