Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Атырауда бірнеше нысанның қызметіне рұқсат берілді

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың қаулысымен бірнеше нысанның қызметіне рұқсат берілді.

Атырауда бірнеше нысанның қызметіне рұқсат берілді

«Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 16 қазан сағат00:00-ден бастап COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын» делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес, көрмелер, форум,  конференция, сондай-ақ, отбасылық,  еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзгеде шаралардың өткізілуіне, думанды, ауқымды спорттық шараларға, ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдарымен аттракциондар, батуттар және басқалары), фудкорт, банкет залдары, букмекерлік кеңселердің,  кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда)  қызметіне тыйым салынды.

Мұндай тыйым қоғамдық  жағажайлардың, аквапарктердің, аттракциондар мен саяхаттау катерлер (өзен трамвайы) қызметіне де салынып отыр.

Сондай-ақ, қалааралық, ауданаралық және қала маңындағы жолаушылар автобус тасымалына, 50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың, театрлардың  кітапханалардың, мұражайлардың, діни объектілердің қызметіне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жеке режимде рұқсат берілді. Алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30%-дан, бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндер, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктердің), сауда желілері жұмыс істейді.

СПА-орталықтары, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюрлер келушілерге қызмет көрсетеді. Сауналар мен жаттығу залдарының, фитнес орталықтарының, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне сағат 22:00-ге дейін рұқсат етілді.