Десе де ХОК президенті Томас Бах АІВА тарапынан қандай да бір алға ілгерілеу жоқ екендігін айтқан болатын. «Өткен жыл АІВА үшін табысты болды. Біз ХОК топтарының ұсыныстарына мұқият қарадық. АІВА 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дейін қатарға қосылу үшін ХОК қолдау көрсетеді деп ойлаймыз», дейді Мустасан.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК Токио Олимпиадасы қарсаңындағы іріктеу турнирін өткізуге тыйым салды. Мұндай шешім қабылдауға АІВА-ға қатысты тексеру себеп болған. Ал 2019 жылдың мамырында ХОК бокс турнирін АІВА-ның қатысуынсыз өткізуді қолға алды.