Қоғам • 16 Қазан, 2020

Өрт – тіршіліктің жауы

907 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт – тілсіз жау. Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін алапат апат. Айтып келмейтін апат табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиянын келтіреді.

Өрт – тіршіліктің жауы

Сол себепті қоршаған ортаны барынша сақтап қалуға пейілді адамзат баласы өрт қа­уіпсіздігі ережелерін сақ­тауы керек. Жаз және күз мезгіл­дерінде орман алқаптары, ша­руа­шылық жерлер және таулы аймақтарда өрт көп орын алады. Соның салдарынан көп­теген өсімдіктер жанып, құс­тар мен жәндіктер өртке күйіп, опат болады. Өртенген аймақтағы жан-жануарлардың және жән­діктердің тіршілік ету ортасы бұзылады. Өртенген топырақ жер қыртысының өзгеруіне себебін тигізіп, шөл­денуге әкеліп соғады. Тілсіз жау­дың таралуы табиғатқа ғана емес, сонымен қатар елді мекендерге, орман алқаптары мен адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Өрт болған аймақты қайтадан қалпына келтіруге көптеген уақыт керек. Сол се­бепті, адам өртке жол бермей, табиғатты ба­рынша бағалай білсе дейміз.

 

Рүстем ИСТЕМЕСОВ,

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің радиобайланыс инженері

 

Шығыс Қазақстан облысы