Коронавирус • 16 Қазан, 2020

Коронавирус жұқтырған 81 адамның жағдайы нашар

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 81 адамның жағдайы нашар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 81 адамның жағдайы нашар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 618 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 107 өскіншек бала бар.

Стационарларда 2 042 науқас жатыр. 576 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 81 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.