Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Ғалымның еңбегі аталып өтті

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зарқын Тайшыбай М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 20 жылға жуық қызмет етіп келеді. Ол осы жылдарда жүздеген шәкірттер дайындап, терістіктегі журналистиканың өрістеуіне өзіндік із қалдырды. Сонымен бірге оның жалпы шығармашылық қызметіне 60 жыл толған екен. Соған орай СҚО университетінде ғылыми-практикалық конференция болды.

Ғалымның еңбегі аталып өтті

Конференцияға қатысушылар Зарқын Тайшыбайдың Солтүстікте  журналистика мектебінің негізін қалап қана қоймай, ғылыми ізденістермен айналысқанын да атап өтті. Осы уақыт аралығында ол 10 монография, 12 оқу­лық, 250-ге тарта мақала жазған. "Этно­мә­де­ни зерттеулер" ғылыми орталығын ашып, Абылай хан, Абай  мен Мағжан өмірі мен шығармашылығына арналған құнды еңбектер жазған. Сонымен қатар ол 5-7-сы­нып оқушыларына арналған "Өлкетану" оқулығының авторы. Алашта­ну бағытында да көп еңбектеніп, олардың есімдерінің жаңғыруына еңбек сіңірген.

Зарқын Сыздықұлын мерейлі қызметімен облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың атынан орынбасары Ғани Нығыме­тов, СҚУ ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Бәйімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, филология ғылымдарының докторы Ба­уыр­жан Жақып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы және тағы басқалары құттықтап, арқасына ша­пан жапты.

З. Тайшыбай қазір Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, профессор. Осы конференцияда оған Қазақстан Жоғары мектептері академиясының академигі атағы берілгені жария етілді. Іс-шараны университеттің проректоры Ақмарал Ыбыраева жүргізіп отырды.

 

ПЕТРОПАВЛ