Елорда • 16 Қазан, 2020

Елордадағы стационар 1400-ден астам әуе жолаушысын қабылдады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 қазаннан бастап бүгінге дейін "Рамада Плаза" қонақ үйіндегі карантин стационары 64 рейстен әуе жолаушыларын қабылдады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордадағы стационар 1400-ден астам әуе жолаушысын қабылдады

ПТР сынағынан өткені туралы анықтамасы жоқ Қазақстан Республикасының 1 437 азаматы карантин стационарына жатқызылды. Оның ішінде 2 жолаушы коронавирустық инфекцияның симптомсыз тасымалдаушысы болып шықты және медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй жағдайындағы карантинге оқшауланды.

"Күн сайын карантин стационары мамандары 150-ден астам қажетті анықтамасы жоқ жолаушыны қабылдайды. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Коронавирустың алғашқы толқыны кезіндегі ахуал қайталануын ешқайсымыз қаламаймыз, сондықтан әріптестеріміздің ұтқырлығы мен кәсібилігі бұл жерде үлкен рөл атқарады", деді басқарма басшысы Тимур Муратов.

Үстіміздегі жылдың 16 қазанында 5 халықаралық рейс қабылданды: 1 – Германиядан, 1 – Египет, 2 – Түркия, 1 – рейс Беларусьтен. Оның ішінде COVID-19 сынағын ПТР әдісімен тапсырғаны туралы анықтамамен – 453, анықтамасыз – 120.

120 жолаушының барлығы карантин стационарына ("Рамада Плаза" қонақ үйінде) оқшауланып, ПТР тестілеуі өткізілді.