Атап айтқанда, қазақстандық делегация Өзбекстандағы бірнеше Агро-Логистикалық Орталықтарын(АЛО) аралады.
Қазіргі уақытта Өзбекістанда өздерінің бақшаларынан, егістіктерінен және жылыжайларынан өнімді сатуға дейін дайындауға, өңдеуге және сақтауға мамандандырылған жеке АЛО-ы бар.
"Өзбекістанда ірі агрокәсіпорындар Агро-Логистикалық Орталықтарды ашып, тек өз өнімдерімен жұмыс істеуге бағдарланған. АЛО-да өнімді кейіннен экспорттау үшін қайта өңдеу жолға қойылған. Біз үшін бұл тәжірибе де қызықты. АЛО ұсақ фермерлердің өнімдерін сақтауға қабылдап, сату алдындағы қызмет көрсете алады, алайда казіргі кәсіпорындардың АЛО қуаттылығы өздірінің өнімдерімен толықтай жүктеліп тұр", - деп түсіндірді Г.Ахметтаева.
Шағын тауар өндірушілерге қызмет көрсету үшін Ташкент 8 ірі Агро-Логистикалық Орталықтың құрылысын жоспарлап отыр. (Жобалар кейіннен жекешелендіре отырып, Азиялық Даму Банкі мен Дүниежүзілік Банктің қарыздары есебінен іске асырылатын болады). Сондай-ақ қазіргі заманғы агрологистикалық орталықтардың (жеке АЛО) 37 инвестициялық жобасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар іске асырылуда.
«Бұл АЛО шағын фермерлерге тауарларды егістен емес, жақсы бағамен сатуға мүмкіндік беретін сақтау қызметін ұсынады. Біз сондай - ақ АЛО-ты ішкі нарық теңгерімін және экспорт үшін партияларды ірілендіру мақсатында қамтамасыз етудегі маңызды шешім ретінде қарастырамыз", - деп түсіндірді Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өзбек тарапы Қазақстан мен Өзбекстанның тауар өткізу жүйелерін түйістіруге қызығушылық танып отыр.
Сапар барысында делегация Өзбекстан Республикасының Экспортты ілгерілету агенттігінде де болды, онда Өзбекстандағы экспорттаушыларды қолдау тетіктерінің ерекшеліктерімен танысты. Мәселен, Өзбекстанда экспорттаушылардың көлік шығындарының өтемақысы тек осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілді. Сонымен бірге, көлік шығындарын өтеуге арналған тарифтеу жеткізу аймағына және өнімнің түріне байланысты.
ҚР СИМ Сауда саясатын дамыту орталығы «QazTrade» мен Өзбекстан Республикасының Экспортты ілгерілету агенттігі ынтымақтастық туралы меморандум жасау мәселесін пысықтауға келісті.
Делегация сондай-ақ Қазақстан – Өзбекстан шекарасындағы "Б.Қонысбаев" (Қазақстан жағы) - Яллама (өзбек жағы) өткізу пунктінде болып, шекара арқылы жүк автокөлігін өткізу процестерімен және қайта құру барысымен танысты.