Қазақстан • 16 Қазан, 2020

Отандық кәсіпорындар ӨЖЖ аппаратын шығаруды аяқтады

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген тапсырыстың соңғы партиясы – 1500 өкпені жасанды желдету аппараты еліміздің медициналық мекемелеріне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Отандық кәсіпорындар ӨЖЖ аппаратын шығаруды аяқтады

102 аппарат Қостанай және Ақмола облысының ауруханаларына қойылады. Өзге өңірлердің өтінімдері толықтай орындалды. ӨЖЖ аппараттары қойылып, мамандар оқытылып, қондырғылар сервистік қызмет көрсетуге берілді.

Өкпені жасанды желдететін «BIYOVENT» стационарлық аппараттары отандық «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінде жасалды.  

Биыл тамыз айында ҚР ИИДМ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «Тыныс» АҚ-да шығарылған жедел жәрдем стансаларына арналған шағын ӨЖЖ аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырысты орындады. 

Осылайша, ӨЖЖ аппаратының отандық өндірісін жолға қою жөніндегі Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасы орындалып, болжанып отырған пандемияның екінші толқыны қарсаңында еліміздің медициналық мекемелері ӨЖЖ аппараттарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді. 

Қазақстан орнықты өндірісті жолға қойды. Нәтижесінде ӨЖЖ станционарлық және мобильді аппараттарына деген өз еліміздегі қажеттілікті толық өтеп қана қоймай, көрші елдерге жеткізуге мүмкіндік туып отыр.