15 Қараша, 2013

Бұрынғы балабақшалар

383 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

* Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

бүгінгі қордаланып қалған түйінді мәселелерді түбегейлі шешпейтінін Петропавлдағы жағдайдан анық байқауға болады

Әлеуметтік салада күрмеуі қиын жайттардың бірі – балабақшалардағы орын жетіспеушілігі. Мәселенің әлі өткір күйде қалғанын Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында қадап айтты. Бүгінде сәби дүниеге келісімен мектепке дейінгі мекеме кезегіне қою үрдісінің жаппай сипат алғаны ешкімге таңсық емес. Облыс орталығында 2 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам сәбидің тізімде тұруы, пісуі жеткен толғақты проблеманың жуық арада шешімін таппайтынын аңғартқандай.

Балабақша тапшылығын жою үшін енді қайтпек керек деген сауалға жауап іздеуге тырыстық.

* Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

бүгінгі қордаланып қалған түйінді мәселелерді түбегейлі шешпейтінін Петропавлдағы жағдайдан анық байқауға болады

Әлеуметтік салада күрмеуі қиын жайттардың бірі – балабақшалардағы орын жетіспеушілігі. Мәселенің әлі өткір күйде қалғанын Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында қадап айтты. Бүгінде сәби дүниеге келісімен мектепке дейінгі мекеме кезегіне қою үрдісінің жаппай сипат алғаны ешкімге таңсық емес. Облыс орталығында 2 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам сәбидің тізімде тұруы, пісуі жеткен толғақты проблеманың жуық арада шешімін таппайтынын аңғартқандай.

Балабақша тапшылығын жою үшін енді қайтпек керек деген сауалға жауап іздеуге тырыстық.

Кезек саны азаяр емес

Мақаланы даярлау барысында «Елбасының бастамасымен «Балапан» бағдарламасы қабылданбағанда жас отау иелері әбден тығырыққа тірелгендей екен», деген пікірлерді жиі естідік. Айтулары дұрыс. Қуатты жоба ел көлемінде жүзеге асырылғаннан бері 4 мыңнан астам балабақшалар мен шағын орталықтардың іске қосылуы, Мемлекет басшысының шеші­мімен 2020 жылға дейін ұзар­ты­луы ана мен балаға, ұлт денсау­лығына жасалып жатқан ке­шенді шаралардың мысқалдай ғана бір мысалын танытса керек.

2010-2014 жылдарға ар­нал­ған аталмыш бағдарламаның бірінші кезеңі Қызылжар өңірінде де іске қозғау салып, үлкен сер­пін туғызғанын деректер айғақтайды. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі мекемелердің саны 1,6 есеге кө­бейіп, 72 ба­лабақша, 509 шағын орталық, 1 «мектеп-балабақша» кешені бой көтерген. Оларды қар­жы­­­­ландыруға 2,5 милли­ард тең­­ге жұмсалған. Осы кезең ара­­лы­­ғында Петропавл қала­­­сын­да, Тайынша, Бескөл кент­те­рін­де заманауи талаптарға сай жаб­дықталған 880 орынды 3 ба­ла­бақша пайдалануға беріл­ген. Есіл, М.Жұмабаев, Ақ­жар аудан­дарында бұрынғы бала­бақ­шалар қалпына келті­рілген. Биыл «Балапан» бағ­дарламасын орын­дауға 1,4 миллиард теңге қа­рас­тырылған. Бүгінгі таңда ба­­лаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 3 пен 6 жас аралығы бойынша – 88,6, 1 мен 6 жастағылар бойынша– 64,1 пайызға жетіп отыр. Жыл аяғына дейін көрсеткіштің өсе түсері күмәнсіз.

Аудандар мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтуды 2014 жылдың екінші жартысына дейін орындау мүмкіндігін қарастырып отырса, облыс орта­лығында оңайлықпен ше­ші­лер түрі көрінбейді. Қазір жұ­мыс істейтін 27 балабақша мен 23 шағын орталыққа 6429 бүл­дір­шін тартылған. Ал, кезекте тұрушылардың саны – 9526. Олар­дан 3 пен 6 жасқа дейінгі бүл­діршіндерді қамту деңгейі – 75,9 пайыз ғана. Жалпы, тізім бойынша көрсеткіш 50 пайызға да жетпейді. Бағдарлама қолға алынғаннан бері 2368 орын берілсе, соңғы жылдары қарқынның саябырсып қалғаны байқалады. Мәселен, биыл 628 орын ашу жоспарланса, келесі жылғы меже – 380 орын ғана. Неге деген сауалымызға қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлмира Кәрімова соңғы жылдары өңірімізде бала туу көрсеткішінің жақсар­ғанын, 2018 жылға дейін рес­публикалық қаражатқа бала­бақшалар салынбайтынын, мектептерде шағын орталықтар ашу мүмкіндігінің сарқылғанын, жаңа ғимараттар тұрғызуға жер телімдерінің тап­шылығын көлденең тартты. Үш жасқа толмаған бүлдіршіндердің үйде болатынын ескерсек, кезекке тұрушылар арасында 4 жасқа дейінгілердің үлесі тым ба­сым. Балабақша, бала өмірімен қоян-қолтық араласатын тәрбиеші мамандарының жетіспеуі де ойлантпай қоймайды. Ендігі үміт кәсіпкерлердің қолдауы мен бұ­рынғы балабақшалардың қай­тарылуына келіп тіреледі. Алайда, бұл бағыттарда да проб­лемалар аз болмай шықты.

Жекешеленген ғимараттарды қайтару – машақат

Бір кездері Петропавл қала­сында 80-ге жуық балабақша болған екен. Сеніңіз, сенбеңіз – ақиқаты осы! Жеке­шелендіру тұсында ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. 30-ға жуығы жеке адамдарға сатылса, бір бөлігіне мекеме, ұйымдар иелік еткен.

Облыстық әкімдіктің бір оты­рысында аймақ басшысы Самат Ескендіров «Балапан» мем­лекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы кемші­ліктерді атап көрсетіп, бұрын­ғы балабақшаларды мүмкін­дігінше коммуналдық меншік­ке алып, қалпына келті­ру жұ­мыстарын тездетуді, мем­ле­кет-жекеменшік серік­тестік әлеуе­тін кеңінен пайдалануды тиісті орындарға міндеттеген болатын. Осыдан кейін өзге­лер­дің қан­жығасында кеткен ны­сан­дар­дың тізімі алынып, қай­тару тетіктері қарастырылды. Осы күні мемлекеттік органдар мен ұйым­­дар қоныстанған балабақша ғима­раттары босатылып, күрделі жөндеу жүр­гізілуде. Атап айтсақ, әлеу­мет­тік қамсыздандыру бөлі­мінің ғимаратын 80 орын­ды балабақшаға айнал­дыру жұмысы аяқталуға жақын. «Сана» педагогикалық коллед­жіне 64 сәби орналасатын болады. СҚМУ-дің бұрын­ғы ғимараты 280 орынға лайық­талмақ. Келешекте көпқабатты коммуналдық үйлер­дің бірінші қабатын тәрбие ошақ­тары ету, бос ғимараттарды сатып алу жайы ойластырылған. Балабақшалар санын барынша көбейтудің басқа жолдары да қарастырылған. Алайда, лауа­зымды шенеуніктердің баспанасына, түрлі өндіріс орындарына айналған нысандарды коммуналдық меншікке алу–қиынның қиыны. Мәселен, биыл қайтарылу керек деп түйінделген бұрынғы 10 балабақшаның 7-уін ОСЭС санитарлық-гигиеналық та­­­лап­тарға мүлдем сай келмей­тінін айғақтап, жарамсыз деп тапқан. Мұндай тұжырым жағ­дайды күрделендіре түсері анық.

Ал, мемлекет-жекеменшік серіктестік жүйесіне ірі шаруа­шылықтарды тарту өріс алғаны­мен, жеке кәсіпкерлердің ынта-ықыласы әлі төмен. Оның себе­бін «Ілиясов» ЖК жетекшісі Балдырған Ілиясов былай түсін­діріп берді.

– Жаңа балабақша ашу үшін біраз жүгіруге тура келді. Бір жағынан, түсінікті де. Тиісті орындардың талаптарын орындамай болмайды. Мәселен, ғимараттың жеке, жанында жер телімдері, әр балаға кемі екі шаршы метр пайдалы алаң болуы шарт. Біз қала­ның шеткері аумағында орна­ласқан Жұмысшы ықшам ауданынан тігін ательесінің иесіз қалған ғимаратын сатып алу үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында банктен қомақты несие алып, күрделі жөндеу жүргіздік. Әу баста 73 орынға ыңғайлап едік, жер телімінің аздығынан СЭС рұқсат бермеді. Сосын 32 орынды шағын орталыққа бейімдедік. Кейін әкімдіктің қолдауымен қосымша жер телімдерін алып, жоспарымызды іске асырдық. Құжаттарды рәсімдеуде, несие алуда бюрократтық кедергілер мен қағазбастылық көп кездесті. Соның салдарынан уақыт жа­ғы­нан біраз ұтылғанымыз рас.

Демек, мемлекет-жеке­мен­­шік серіктестік шеңберінде ба­лабақшалар мен шағын орта­­лықтар ұйымдастыру жеңіл шаруа емес деген сөз. Банктер тара­пынан кепілдік мүліктерге қойылатын қатаң талаптарды былай қойғанда ғимараттарды балабақшаға сәйкестендіру, коммуникациялық желілер тарту, басқа да міндеттерді орындауға екінің бірі шыдас бермейтіні айтпаса да түсінікті. Жүйкені жұқартатын осындай қолайсыздықтардан кейін қан­дай қызығушылық күтуге болады? Бар-жоғы 14 жекеменшік бала­бақшаның құрылғаны сон­дық­тан. Ал, бүгінде екіжақ­ты мемо­рандум аясында ашы­луға тиіс ба­лабақшалардан қар­­жы­лан­­дырылғаны санау­­лы ғана. «Тай­рам» ЖШС 50 ор­­­­ын­­­ды ша­ғын орталық ашу­ға қан­ша әре­кеттенсе де, ма­­ша­қа­тын тартып келеді. Қал­ған­­­­­­­­да­­ры­­ның сайда саны, құм­да ізі жоқ. Елбасы ерек­ше на­зар ау­дар­ған мемлекет-же­ке­мен­шік се­ріктестік жүйесін да­­мы­ту ісі­не кәсіпкерлік және өнер­­­­кәсіп басқармасы белсене атса­­­лы­су­дың орнына сырттай ба­қы­­­­лау­шы ретінде ғана қалған сияқты.

Біз қаланың есебіне қай­тарылуға тиіс бұрынғы бала­бақ­шалардың тізімін қарай отырып ішкі мүмкіндіктердің әлі таусылмағанын, шындап күш салса, талайының ортақ меншікке алынарын жобаладық. Әзірге үміт аз, күдік мол.

БЕ­Т ҚАТТАЛЫП ЖАТ­­ҚАН­­ДА. Облыс­­тық сани­­тар­­лық-эпиде­мио­логиялық қа­дағалау депар­­таментінің 140 орынға шақталған «Ашық аспан» балабақшасы талап­тарға сай келмейді деген ұсы­нысын сот қолдап, жабуға ше­шім қа­былдады. Ал меншік иесі Нина Мацкевичтің қарсы та­лап-арыз түсіргені мәлім болды.

Бір жағы түзетіліп жатса, екінші ұшынан қиюы қаш­қан шетін мәселелердің ащы ішектей шұбатылып шыға келгені көсегені көгерте қойма­сы анық. Жағдай осылай қалыптаса берсе, алдымен кіш­кентай бүлдіршіндер мен ата-аналар зардап көретіні даусыз. Бұдан кейін өңірде «Балапан» бағдарламасы орындалмай жатса, таңданбаспыз.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар