Қазақстан • 18 Қазан, 2020

Ақмолада құтқарушылар қарттар мен мүгедектер үйіне көмек көрсетті

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"25 игі іс" республикалық акциясы шеңберінде ақмолалық құтқарушылар Көкшетаудағы "Үміт Шаңырақ" қарттар мен мүгедектер үйін паналап отырған көңілі жарым жандарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмолада құтқарушылар қарттар мен мүгедектер үйіне көмек көрсетті

"Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 жылдығына орай, "25 игі іс" республикалық акциясы шеңберінде ақмолалық құтқарушылар Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД-нан игілік эстафетасын қабылдап алды. Акция барысында құтқарушылар Көкшетаудағы "Үміт Шаңырақ" қарттар мен мүгедектер үйін паналап отырған жандарға көмек көрсетті", деді Көкшетау қалалық №2 Құтқару-өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы Жандос Жармұханбетов.

Өз кезегінде ақмолалық құтқарушылар эстафетаны әріптестері Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД-сына тапсырып, акциясы одан әрі жалғастыруға шақырды.