Спорт • 19 Қазан, 2020

Төрт құрлық чемпионаты өткізілмейтін болды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мә­нерлеп сырғанаудан төрт құр­лық чемпионаты өткізілмейтінін мәлімдеді.

Төрт құрлық чемпионаты өткізілмейтін болды

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 2021 жылдың 8-14 ақпан күндеріне жоспарланған мәнерлеп сырғанаудан жылдың ең маңызды додасы ұйымдастырылмайды. Төрт құрлықтың басты додасы келесі жылы Аустралияның Сидней қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирус пандемиясының қаупі әлі де сейілмей тұрғанын ескерген ұйымдастырушылар жарысты өткізуден бас тартып отыр.

Айта кетерлігі, осыған дейін ISU шорт-трек пен конькимен жүгіру бойынша төрт құр­лық чемпионатын өткізбейтінін хабарлаған болатын.