Өнер • 19 Қазан, 2020

Алмағайып дүние

639 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Натюрморттағы қызыл алма – жер ғаламшары. Жердің түсіне ұқсайтын жасыл және көкшіл түстегі жемістер жетерлік емес пе... Ол неге қызыл? Себебі адам баласы пайда болғалы бері зұлмат соғыстар, жойқын жарылыс­тар, табиғатқа деген адамның қисапсыз қиянаты бір сәт тоқтаған жоқ. Адам қолынан жасалған геноцидтер ғаламшарымызды қанға бөктіруде. Жемістер орналасқан мата суық ақшыл түсте. Мұндай суық түстің таңдалуы адамзаттың болашағы мен ниетінің метафорасы секілді көрінеді.

Алмағайып дүние

Суретші өнерге алғаш аяқ бас­қан­кезінен өзіндік стильде, арнаулы жанрларда ізденіп келеді.Өз қолтаңбасын жо­ғалтып алмау – ол үшін қылқаламның басты мұраты. Философиялық дүние­танымы мен шығармашылық ізденістері уақыт легімен бірге жалғасуда. Ғалым Оспановтың туындыларын түйсіну үшін метафоралық кілтін тауып, түстік сим­воликасын сезіну керек. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде суретшінің «Эйкос+» атты жеке шығармашылық көрмесі салтанат құрды.

Ғалым Оспановтың шығармашы­лығында экология тақырыбы дара мәнге ие.Оның «Натюрморт 1» деп атал­ғантуындысында қара-көк фондағы сары түстес үлкен жемістер биік таулар мен табиғаттың бейнесі, ал мата бүктемелерінен теңіз толқындарының легі сезіледі. Кенептегі әрбір зат­қа те­реңірек үңілетін болсаңыз, шығар­маның мәні ашыла түсетіндей. Туын­дыдан барокко стиліне тән қарама-қай­шылықты, жемістерден табиғат сұлулығын, ал матадағы буырқанған теңіз қазіргі кли­маттық өзгерістен пайда болған апат­тарды баяндайды. Түстік түзілімі кере­ғар жылы сары және суық қара-көк түс­термен орындалған.

Қылқалам шеберінің «Эйкос +» шығармашылық көрмесі соңғы екі жылдағы туындыларын қамтыпты. Эйкос сөзінің мағынасы экология ұғы­мының ежелгі гректік баламасы (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім).Көр­меге 30-дан аса кескіндемелік натюрморт жанрындағыжұмыстар қойылған. Туындылар әлемдегі және еліміздегі өзекті жағдайларға бағытталған. Олар экология, пандемия және т.б. мәселелер. Суретшінің «Натюрморт» атты жұмысы космос тақырыбын қаузаған. Фоны қара-көк суық түспен, сол жағында сары ұсақ жағындылармен толығыпжалпы ғаламның символынан сыр шертетіндей.

– Жоғарғы пландағы сары түсті үлкен алма күннің бейнесі, ал жанындағы же­містер күн жүйесіндегі ғаламшарлар. Натюр­­морттағы негізгі ой ол алдыңғы план­­дағы үлкен қызыл алма – жер ғалам­шары. Байқасаңыздар жердің қазіргі жағдайын дәл көрсеткен. Оның ойқыш та, құрт түскен бейнесі планетамыздың қа­зіргі күйініңкелбеті. Натюрморт ше­бері көбінесе алма, алмұрт, құмыра    жә­не т.б. заттармен жұмыс істейді. Туын­­­­дыларындағы заттардың орна­ласуы құ­­рылымдық тәртіпте, ке­ңіс­тік­тің бар­­лық қағидаларын ұста­нады. Зат­тар­дыңпішіндеріне жете тоқ­талып кейде, жеке пішінге назар аударылады. Бір қарағанда қарапайым на­тюрморт болып көрінгенімен, ма­ғы­насы мен сюжеттік мәні бөлек. Шы­ғар­машылығындағы негізгі рөл – түстік-тү­зі­лім, – дейді көрме жетекшісі Ақжігіт Нү­сіп.

Түстер картинадағы көңіл күйді біл­діре отырып символ ретінде қолда­нылады. Натюрморт жанрында өзекті мәселелер қозғалған бірегей көрме бо­лашақта жаңа ойлармен толыға түспек.

 

АЛМАТЫ