Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология департаментінің баспасөз қызметі Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

"17 қазанда Facebook әлеуметтік желісінде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС тарапынан шығып жатқан түтінге байланысты видео тараған еді. Аталған дерек бойынша  Атырау облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері сол күні оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауа сынамасын алды. Зертханалық талдау нәтижесіне сәйкес, күкіртсутегі, азот оксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді және көмірсутек мөлшері рұқсат етілген шекті концентрациядан асқан жоқ.  Сонымен қатар "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді бастау туралы жұмыс жүргізілуде. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады", деп мәлім етті Экология департаментінің баспасөз қызметі.