Нұр-Сұлтан қаласының 26 жастағы тұрғыны түнде "Еуразия" СҮ ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларында Ресей мен Қырғызстанда есепте тұрған 16 автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ұрлап кеткен.
Автокөлік иелерінен сыйақы алуды жоспарлай отырып, ол зардап шеккен көліктердің алдыңғы әйнектеріне Telegram-дағы аккаунтымен жазбалар қалдырып, сол арқылы нөмірлік белгіні қайтару үшін 40 мың теңге талап еткен.
Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған азаматтың Қарағанды қаласында екені анықталып, оны полиция қызметкерлері қолға түсірді. Күдікті елордаға жеткізілді және кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы ("бопсалау") бойынша қылмыстық іс қозғалды.